Түркістан облысы, Шардара қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысы өтті. Жарыста аудандық және қалалық іріктеулерде финалға шыққан 32 балуан бақ сынады. Сайыстың ашылу салтанатында Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов балуандарға сәттілік тілесе, спорт ардагері Бақыт Жаңбырбаев ізбасарларына ақ батасын берді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев үздік спортшыларға жағдай жасалатынын, олар республикалық, халықаралық сындарға қатысатынын жеткізді.
Жарыстың жабылу салтанатында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы жарысты жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Шардара ауданының әкімдігі мен Арман Қарсыбаев бастаған спорт жанашырларына алғыс айтып, «Қазақстан барысына» жолдама алған қос балуанға жеңіс тіледі.
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.