Жанкел ақын Шуақбайұлын Ташкент облысы, Жоғарышыршық ауданы, Кемерден деген ауылда туған деп жормалданады. Атақты шешен Төле би Жанкелді қасынан тастамай, оны әулие адам дейді екен. Туған жылы туралы анық дерек жоқ. Қайтыс болған жылы - 1750 жыл.
Қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, "Бие сыймас" деген қорымға жерленген.
***
Тобылғының түбінде торғай да бір,
Бір жаман мен бір жақсы әрқайда бар.
Екі жаман қосылса күнде керіс,
Екі жақсы қосылар күн қайда бар?
***
Жаман қатын, жаман ат, жаман тазы,
Мұңайтпайды жігітті малдың азы.
Бейнет болар жігітке өмір-сауда,
Көлдің сәйкес келмесе қоңыр қазы.
Әйел, еркек, әр істі дана қылар,
Қандай еркек ақылды болғанменен,
Бірақ әйел өмірін ада қылар.
Осындай артында өшпес жырлар қалдырған ақындардың тізімі мен шығармашлығы жыл соңына дейін жалғаспақ. Біздің келесі ақынымыз - Кенжеқожа Құлмырзаев болады. Turkistan.Today порталын оқи жүріңіздер. Суретте - Ташкент шаһарындағы Төле би кесенесі.
Құрастырған
Олжас БЕРКІНБАЕВ
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.