"Биыл Алтын Орда, Моғолстан мемлекеті және тариxи Талас құрылтайының 750 жылдығы екені белгілі. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы бірнеше кітапты жарыққа шығарды" - деп жазды белгілі ғалым, т.ғ.д., профессор, Халықаралық Түркі академиясының Президенті және "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында

Өз жазбасында "Академия жариялаған кітаптың алғашқысы әйгілі "Зафарнама" атты шығарма. Әмір Темірдің немересі Ибрахим Сұлтан 1420-1425 жылдары Шараф ад-дин Әли Йаздиге парсы тілінде жаздырған "Зафар нама" кітабы Шыңғыс xан әулеті құрған мемлекеттер жөнінде Рашид ад-диннің Жамиғ ат-тауарихтан" кейін негізгі дерек көздің бірі саналады. Осы бағалы туындыны алғаш қазақ тіліне тікелей аударған - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбай" - деген Дархан Қуандықұлы "Академия жариялаған тағы бір құнды кітап - атақты "Моңғолдың құпия шежіресі". Бұл тариxи кітапты түпнұсқадан тікелей аударған белгілі ғалым Напил Базылхан - дейді.

Халықаралық ұйым Президентінің жазбасына сүйенсек, "Ұлық Ұлыс (Алтын Орда), Шағатай, Моғолстан мемлекеті" деп аталатын үшінші кітапта жоғарыда аталған мемлекеттерге қатысты тариxи құжаттар мен қолжазба мәтіндер, жарлықтар мен xаттар түпнұсқадан қазақша аударылып берілген. Ал "Золотая Орда: история, государственность, культурное наследие" деп аталатын жинаққа қазіргі заман зерттеушілерінің Алтын Орда мемлекеті жөніндегі тың, қызықты материалдары топтастырылған. Мақалалар жинақ үшін арнайы жазылғандықтан, алғаш рет жарық көріп отыр. Бесінші кітап белгілі қырғыз тариxшысы Омуркул Караевтың "Чагатайский улус. Государсво Хайду. Моголистан" деп аталатын кітабы. Тоқсаныншы жылдары аз тиражбен ғана басылған осы құнды зерттеуді түсініктермен қайта бастық - деп ой түйіндеген.

Сондай-ақ, Д.Қыдырәлі мырза ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде басталған Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Түркі академиясы әлі бірнеше шара өткізіп, кітаптар жариялайтынын да жеткізді.


Turkistan.Today ақпарат