Шымкентте әйел адам өзін өртеп жіберді. Бұл туралы қалалық Полиция Департаменті  хабарлады. 

Төтенше оқиға 3 желтоқсан Тассай шағын ауданында кешке болған. 

Полицияның ақпарынша, 1988 жылы туған әйел адам үстіне бір сұйықтық құйып, өзін өртеп жіберген. Бұл әрекетті әйел Юсуф Сареми көшесі бойында жасаған. 

Зардап шегушінің денесінің  80% күйік шалған, ол емханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 бабы - "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүруде. Ақпар бойынша өз-өзіне қол жұмсауға қатынастың тоқтауы себеп болған.