2019 жылдың 4 желтоқсанында Нұр-Сұлтан уақытымен 1:38-де Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Зілзала ошағы Қазақстан территориясында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде.
Зілзаланың энергетикалық санаты 11.1.
Магнитуда MPV 5.2.
Ошақ координаты 45.29° с.е. 79.35° ш.б.
Тереңдігі 15 шақырым.
Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша): Қапал ауылы – 4 балл, Жансүгіров ауылы – 3 балл, Талдықорған мен Текелі қалаларында – 3 балл.
Қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түспеді.
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.