Бүгін «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің "Адал жол" жобасы аясында темір жол билеттерін сату кезінде заңсыз делдалдық әдістерді болдырмау және  жолаушыларды  билетсіз  тасымалдау фактілерін  анықтау мақсатында №22 Қызылорда-Семей, №75 Петропавл-Қызылорда және  №23  Алматы-1  - Ақтөбе   бағыттарында қатынайтын пойыздарда кезекті рейдтік шаралар жүргізілді. 

Бақылау жұмыстарына «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  менеджерлері мен облыстық көліктік бақылау инспекция қызметкерлері және қоғам өкілдері жұмыла қатысып, теміржол көлігіндегі жолаушылардың жол жүру құжаттарына  тексеріс жүргізді.  

Рейд жұмыстары нәтижесінде, билетсіз мінген жолаушылар мен заңбұзушылыққа жол берген жолсеріктер тіркелмеді. 

Дегенмен, №22 Қызылорда - Семей және №75 Петропавл - Қызылорда бағытарындағы пойыздарда жарықтандыру жүйелерінің істен шыққандығы анықталып, аталған екі пойыздың механиктеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің №545 бұйрығының 34-тармағына сәйкес, 25 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.