Бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
«Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын», - деп жазылған мемлекет басшысының Жарлығында.
Махамбет Досмұхаметов энергетика министрінің бірінші орынбасары болып 2016 жылы сайланды. Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының ірі жобалар жөніндегі орынбасары, бас директор, «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы, бас директордың бірінші орынбасары, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқарма мүшесі болған.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев 18 желтоқсанда энергетика министрі болып тағайындалды.
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.