Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Канцеляриясының жетекшісі Махмұд Қасымбектің өкілеттігін ұзартты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің өкілеттігі 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», - деп хабарланады.

Еске салсақ, Н.Назарбаев М.Қасымбектің өкілеттігін 2018 жылы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартқан еді.

Махмұд Қасымбек 1952 жылы Шу қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары, математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Экономист, саясаттанушы, саясат ғылымдарының докторы, профессор.

1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің және Министрлер Кабинетінің, содан кейін Мемлекет басшысы Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996 жылы наурызда Президент Канцелриясының меңгерушісі кейін басшысы болды.