Хорватиядағы президент сайлауында оппозициялық социал-демократиялық партиядан шыққан кандидат Зоран Миланович көп дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы жергілікті Hina агенттігі хабарлайды.

Оған сайлаушылардың  29,55% дауыс берген. Алайда Зоран Миланович сайлаушылардың 50 пайыз дауысын алмағандықтан, қайтадан екінші кезең өтеді.

Екінші кезеңде елдің қазіргі президенті Голинда Грабар-Китарович (26,65% дауыс жинаған), әнші, музыкант Мирослав Шкоро (24,45% дауыс жинаған),оппозиция өкілі Зоран Миланович қайтадан бақ сынайды.

Сайлауға келу көрсеткіші 51,19% құраған, 1,17% бюллетень жарамсыз қалған.

Сайлаудың екінші кезеңі 2020 жылдың 5 қаңтарында өтеді.