Сауд Арабиясының прокуратурасы журналист Жамал Хашыкжыны өлтірді деп айыпталған бес адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Хашыкжы 2018 жылы Стамбұлда өлтірілген еді.

Ал үш айыпты жалпы есепте 24 жылға сотталды.

Reuters ақпарына сәйкес Сауд Арабиясы ханзадасының бұрынғы кеңесшісі Сауд әл-Кахтани тергелген, бірақ оған қарсы айыптаулар болмады. Сот сондай-ақ Сауд Корольдігі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Ахмад әл-Асириге де қарсы айып таппаған.

Атап өтерлігі «Washington Post» басылымының журналисі болған Жамал Хашыкжы 2018 жылдың қазанында жоғалып кетті. Журналист Сауд Арабиясының Стамбұлдағы елшілігіне кіріп, сол күйі сыртқа қайта шықпаған. Тергеу қорытындысына сәйкес, журналистің қасақана өлтірілгені анықталды. Корольдікте журналистің өліміне 11 адам айыпталған еді.